202
Президент сайлауы Францияға не береді?
Президент сайлауы Францияға не береді?
Осыдан он шақты сағат бұрын Франциядағы президент сайлаудың алғашқы туры аяқталды. Сайлау нәтижесі бойынша Марин Ле Пен және Эммануэль Макрон Франция президент сайлауының екінші айналымына өткен деп жазады Qazaq times.
Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық агенттігі хабарлаған еді. Франция Ipsos / Sopra steria дауыс қабылдау орындарының көрсеткен мәліметі бойынша, Макрон 23,7 пайыз дауысқа ие болған.
Ал, Оңшылдардың өкілі Ле Пен 22,1 пайыз дауыспен келесі турға жолдама алған. “The Wall Street Journal" басылымының айтуынша, Франциядағы негізгі саяси партия бұл реткі сайлауда екіге жарылған болатын. 40 жылдан бері қарай Франция билігінде негізінен Консервативтік партия мен Социалистік партия басым болып келді. Өзге партиялар мен жекелеген көшбасшылар Франция тап келіп отырған экономикалық және саяси жағдайдан алып шығуға талпыныс жасап жатыр.
Алайда, қуатты партиялардан ығыстырылып отырды. Алайда, Францияда өткен кешегі өткен президент сайлауында ЕО-дан дербестену, еркін сауда ұйымдары, ашық шекаралы ел және өзге тақырыптарда Францияның жаңа бетбұрысын байқатты. Бір жағынан инвестиция салушы банкир Макрон Францияның Еуроодақпен қосылысты тереңдету керектігін насихаттаса, енді бір жақта Марин Ле Пен Еуропа бірлігі мен Еуроодақтан бас тартуға шақырды.
Бұл реткі сайлау нәтижесіне қарағанда Ле Пен мен Макрон арасындағы бәсекелестік оңай шешім таба қоймайтын көрінді. Себебі, келесі турда екеуі Францияның дауыс берушілерін мүлде қарама қарсы екі көзқарасқа жарып әкетпекші. Естеріңізге сала кетейік Франция демократиялық президент сайлауының екінші туры 7 мамырда өтеді.