«Қазгидромет» болжамына сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz.
«5 мамырда елдің солтүстігінде, 6-7 мамырда батысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнгі және таңғы уақытта республиканың батысында тұман түседі», – деп хабарлады метеорологтар.
Қазақстан бойынша температураның аздаған ауытқуы болжанады. Елдің оңтүстігінде күндіз ауа температурасы 22-32 градустан 27-36 градусқа дейін жоғарылайды, ал оңтүстік-шығыста 15-30 градустан 20-35 градусқа дейін көтеріледі.
Мамырда қандай болады?
Бұған дейін синоптиктер мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Метеорологтардың мәліметінше, жалпы ел бойынша әдеттегіден жылырақ ауа райы күтіледі, ал жауын-шашын біркелкі түспейді.