Павлодар облысында 26 жастағы ер адамға өз туған қызын өлтірді деген айып тағылды. Тергеу нұсқасына сәйкес, қайғылы оқиға ер адамның баланың өзіне тиесілі екеніне күмән келтіруінен басталған.
«Ирбис» телеарнасының хабарлауынша, ер адам жұбайымен бірге үш жастағы қызын және 2025 жылдың мамырында туған ұлын тәрбиелеп отырған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті кейіннен қыздың өз баласы емес деген күдікке барып, балаға қатысты зорлық әрекеттер жасаған.
Прокурордың айтуынша, әкесі баланы шарфпен төсекке байлап, түні бойы қозғалысын шектеп, бірнеше рет ұрып-соққан. Бұл әрекеттер бірнеше ай бойы жалғасқаны айтылды.
Қайғылы оқиға болған күні ер адам көршісінің моншасында ішімдік ішкен. Кейін кешкі уақытта үйіне барып, баланы алып шыққан. Одан кейін ол қызға соққы жасап, қайтадан моншаға оралған соң оны бетон еденге лақтырғаны хабарланды.
Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында атасы немересін зорлады деген күдікке ілінген болатын.