Танымал айтыскер Сара Тоқтамысова "жездесі" Балғынбек Имашқа ренішін білдіріп, әлеуметтік желіде ашық жазба жариялады, деп turkystan.kz тілшісі Sn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақын өз парақшасында арнайы өлең жолдарын арнап, жездесімен арадағы қарым-қатынастың суып кеткенін меңзеді. Оның айтуынша, бұрын жақын болған жандар бүгінде гастрольдік сапарларға оны қоспай жүрген көрінеді.
"Жанымның жыртпас ақ шүберегін,
Балғынбек жездем жақсы деп едім.
Жандарбек, Айнұр, Сырыммен бірге
Менсіз көбейді гастрольдерің!Ақ жездем едің шуақтай маған,
Кей істеріңді ұнатпай барам…
Балшырын жұлдыз болып кетсе де,
Балдызын бірақ жылатпайды адам.Жездеме артқан үмітім қайда,
Сараның ертең күні тумай ма?!
Бөлінсеңдер де қазақ халқы үшін
Сара ақын қызды ұмыту қайда?!Не болды сонша бөлердей жаман,
"Аулақ жүр бізден" дегендей маған.
Балшырын менен Жансырым көрсем,
Нервтен күйіп өлердей болам.Бір сұрақ мені ойға батырды,
Ұмыттың қалай Найман ақынды?
Ақтамай жүрсің "Ақ жезде" деген
Семейлік қыздар қойған атыңды.Жай кезде мені жиі алдайсың ба,
Шоуыңнан орын қия алмайсың ба?
Балдызың бірақ кешірімді ғой,
Қайын жұртыңнан ұялмайсың ба?"Сарқанайым" деп жиі алдайсың ба,
Маған бір орын қия алмайсың ба?
Менің жүрегім кешірімді ғой,
Семейліктерден ұялмайсың ба?!Қалың жұртыңды жиі алдайсың ба,
Қайын жұртыңды сүйе алмайсың ба?
Менің жүрегім кешірімді ғой,
Жазира апамнан ұялмайсың ба?!", – деді ол арнайы өлең жолдарын арнап.