«Менің балам емес»: Павлодарда үш жастағы қызын азаптап өлтірген әке сот алдына келді

/
«Менің балам емес»: Павлодарда үш жастағы қызын азаптап өлтірген әке сот алдына келді
istockphoto.com

Павлодар облысында Тереңкөл ауданының 26 жастағы тұрғыны өз үш жасар қызын өлтірді деген айыппен сотқа тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға 2025 жылдың қыркүйек айында болған. Тергеу нұсқасы бойынша, қылмысқа ер адамның әкелікке қатысты күмәні себеп болған.

Айыптау деректеріне сәйкес, баланы азаптау 2025 жылдың қаңтар айынан басталған. Прокурор сотта әкесінің қызды түні бойы шарфпен төсекке байлап, мезгіл-мезгіл ұрып-соққанын айтты. Қайғылы кеште ер адам көршісінің моншасында ішімдік ішкен, кейін қызын үйіне апарып, бірнеше рет соққы жасағаннан соң, оны қайтадан қонаққа бірге алып барған.

Павлодар облысы прокурорының көмекшісі Елена Корнева айыптау актісін оқыды:

«Шамамен сағат 22:00-де қызымен бірге моншаға кіріп, киім шешетін бөлмеде  отырып, алкогольдік масаң күйде және әкелікке қатысты күмәні мен кәмелетке толмаған баланың бақылаусыз белсенді мінез-құлқына байланысты ашуланып, сондай-ақ жұбайымен жанжал салдарынан кек алу ниетімен, агрессия негізінде кәмелетке толмаған баланың өлімін қалап, оны денесінен ұстап, жоғары көтеріп, моншаның бетон еденіне әдейі лақтырған», – делінген сот хабарламасында.

Ер адам қызды ауруханаға жеткізгенімен, ол бауырдың жарылуы мен ішкі қан кетуден көз жұмған. Айыпталушыға азаптау және кісі өлтіру баптары бойынша айып тағылды, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр. Ол өз кінәсін мойындамай отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары