Қазақстанда жыл басынан бері 44 бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Оның 4-еуі көз жұмды. Әсіресе оқыс жағдай Атырау, Маңғыстау облыстарында және Астанада жиі болып жатады.
"Атырау облысында 13, Астана қаласында 8, Маңғыстау облысында 4 бала құлап кеткен", - дейді министрлік.
Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері:
балаларды қараусыз қалдыру;
жауапкершілікті үлкен балаларға жүктеу;
терезелерде қорғаныш құрылғыларының болмауы;
терезе маңында баланың өздігінен шығуына мүмкіндік беретін жиһаздың орналасуы;
москит торларын сенімді қорғаныс ретінде қате қабылдау.
Министрлік ата-аналарға балаға мұқият қарау қажеттігін ескертті.