«Үстімнен арыз жазып, мойындамай отыр»: Блогер Меруерт Түсіпбаеваның сөзін жоққа шығарды (ФОТО)

/
«Үстімнен арыз жазып, мойындамай отыр»: Блогер Меруерт Түсіпбаеваның сөзін жоққа шығарды (ФОТО)
Коллаж: turkystan.kz

Атыраулық блогер Заида  танымал әнші Меруерт Түсіпбаеваға жауап беріп, оның полицияға шағым жазбадым деген сөзін жоққа шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Блогердің айтуынша, жақындары оған таңертеңнен бастап хабарласып, желіде тараған мәлімдеме жайлы айтқан. Осыдан кейін ол Түсіпбаеваға қатысты құжатты видеода көрсеткенін жеткізді.

Ол сондай-ақ өзіне қатысты жағымсыз пікірлер жазылғанын айтып, үстінен арыз түсірілгенін алға тартты. Блогердің сөзінше, кейін бұл әрекет жоққа шығарылған.

«Бүгін таңертең тұрсам, мамам, апа-сіңлілерім жазыпты. “Ойбай, Меруерт Түсіпбаева арыз жазбадым деп жатыр ғой” деп. Заявлениесін осы видеода көрсеттім. Өзінің не жазып, не қойғанын ұмытып қалған-ау шамасы.

Мені балағаттап жазғанымен қоймай, үстіме арыз жазып, оны жазбадым деп мойындамай отырған адамға сөзім шығын. Хайп деп қоймайды ғой, басқасы басқа, дәл осы Меруерттің атымен хайп қумайтын шығармын», – деді блогер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары