«Астана» телеарнасында «Ағайынды алтаумыз» атты жаңа сериал көрерменге жол тартпақ

/
«Астана» телеарнасында «Ағайынды алтаумыз» атты жаңа сериал көрерменге жол тартпақ

«Ағайынды алтаумыз». Жуырда «Астана» арнасы көрермендер назарына  жаңа сериал  ұсынбақ.  «Шымкент шоу» театрының ұжымы қолға алған  жаңа туынды отбасылық құндылықты дәріптейді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дастархан басына жиналған ағайындылар. Жарасбай ақсақал мен оның алты ұлы және келіндері. Жаңа туындыға  «Шымкент шоу» театрының актерлары орындап жүрген «Ағайындылар» интермедиясы арқау болған. Бұл-соның  толықтырылған нұсқасы.

"Бірінші ұсынысты негізі халықтың өзі тастады. Осыны неге «Күлпәш» сияқты сериал ғып түсірмейсіздер деп бірәзі сөйтіп жүргесін ой туындап, «Астана» каналына арнасына осындай ұсыныс айттық. Олар да ұсынысымызды бірден қабылдап, «Ағайынды алтаумыз» деп аталатын осы комедиялық өзіміздің қазақы менталитетке комедиялық сериал түсіріп жатырмыз", - дейді идея авторы Берік Тұрсынбеков.

Туынды 16 сериядан тұрады. Әрқайсысының ұзақтығы- 40 минут. Әр бөлімі ағайындылардың проблемалары арқылы түрлі  оқиғадан құралады. Жоба авторлары алты ағайын арқылы қоғамдағы ер азаматтардың тіршілігін қазақы әзілмен, қағытпа қалжыңмен   шытырман оқиғалар арқылы  көрсетуге тырысады. Сонымен қатар отбасы құндылығы, ағайын арасындағы сыйластық пен ауызбіршілік, үлкен мен кіші арасындағы қарым- қатынас   кеңінен суреттеледі.

"Отбасылық құндылықтар, бауырлардың арасындағы ара қатынас. Үлкен глобальный проблемалар емес, орташа орташа проблемалар. Өйткені ең басты керегі бізге шынайылық болды да. Шынайылық болғандықтан ол жерде зритель өзін көру керек болды. Соған акцент беріп, соған сүйемелдеп алып келе жатырмыз қазір", - дейді жоба режиссері Күнболат Жусанбеков.

Қазір түсірілім жұмыстары күні-түні жүруде. Көрерменге ұнайды деген ойдамыз дейді жоба продюсері.

"Мамыр айында барша көрерменге жол тартады. Көрерменнің көңілінен шығып, халыққа ұнайды деген ойдамыз. +Бізге қолдау білдіріп, қаржыландырып, сенім білдіріп отырған «Астана» телеарнасына алғысымыз шексіз", - дейді жоба продюсері Сырым Жәнібек. 

Сериал Шымкент қаласы аумағында түсіріліп жатыр. Идея авторлары бір жағы елдегі үшінші мегаполистің көрікті жерлерін көрсетіп, қонақжай шаһардың ішкі тіршілігін шартарапқа кеңінен таныта түсуді көздегендерін айтады.

 

 

 

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары