"Елуге келіп есірді демеңіз": Ләйлә Сұлтанқызы жеке өміріне қатысты қуанышты хабарын айтты

/
"Елуге келіп есірді демеңіз": Ләйлә Сұлтанқызы жеке өміріне қатысты қуанышты хабарын айтты
видеодан скриншот

Алматыда өткен Fashion Week Almaty сән апталығы биыл тек дизайнерлік топтамаларымен ғана емес, ерекше қонақтарымен де есте қалды. Солардың бірі – танымал тележүргізуші әрі медиаменеджер Ләйлә Сұлтанқызы. Ол күтпеген жерден подиумға шығып, модель ретінде өнер көрсетіп, көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көрсетілімнен кейін тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялап, кез келген жаста жаңа қырынан көрінуден қорықпау керектігін айтты.

"Елуге келіп есірді демеңіз, еркінсідім", – деп жазды ол.

Осы сөздері арқылы Ләйлә Сұлтанқызы өмірден ләззат алып, өзіңді әрдайым дамытып отырудың маңызын жеткізді.

Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі – көрермендер залында түсірілген бейне болды. Онда анасы қызының подиумдағы жүрісін толқып тамашалап отырғаны көрінеді. Анасының мейірімге толы жанары мен шынайы қуанышы әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін елжіретіп, ерекше әсер қалдырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар