Белгілі продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялап, оқырмандардың назарын аударды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол Қазақстанның халық әртістері Майра Ілиясова мен Майра Мұхамедқызıмен бірге түскен суретін бөлісіп, әзіл аралас ойын жеткізген.
Продюсер жазбасында:
"Екі Майраның, екі халық әртісінің ортасында тұрып тілек тіледім. Енді ұл тусам ба деп ойлап тұрмын?!" – деп әзілмен пікір білдірген.
Желі қолданушылары бұл жазбаны оң қабылдап, продюсерге ақ тілектерін арнады. Көпшілік оның әзілмен айтқан тілегі орындалсын деген ниет білдіріп жатыр.
Бұған дейін Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында әнші Мөлдір Әуелбековаға қатысты пікір білдіріп, оқырмандарын "20 жыл KeshYOU" фильміне арналған үшінші бөлімді күтуге шақырған еді.