Белгілі әнші Жігер Ауыпбаев «1001 түн» бағдарламасына сұхбат беріп, өзінің сүйіктісі жайлы айтты. Ол өзі мен сүйіктісінің бойын сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«2003 жылғы қыз. Қазір 23 жаста. Сол қызбен танысып, сөйлесіп, білісіп бастағалы біраз уақыт өтті. Содан кейін ата-анасымен таныстық. Мумина екеуміз қыз-жігіт болып, махаббат болып жүрміз. Менің жаныма кімді қойса да кішкентай болады. Бойым – 1,95 см. Кімді алып келсең де, менің жанымда кішкентай болып тұрады. Ол қыздың бойы – 1,65 см. Менің жанымда бәрібір кішкентай. Өзімнен ұзын адамды осы күнге дейін бір-екі-ақ рет көрген шығармын. Бойына қарайтын болсам өмір бақи бойдақ болып өтеді екенмін. Сондықтан ойына қарап, тәрбиесіне қарап, сол қызбен қазір сөйлесіп жүрміз. «Кішкентай қыз» деген әнді сол қызға арнап шығардым. Әннің сөзін мен жазған жоқпын. Ол әнді Сәндібек Ботабаев деген ақын, композитор ініміз бар, сол жазған», - дейді ол.