Алматы облысында жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысты

/
Алматы облысында жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысты
видеодан скриншот

Алматы облысында жеңіл автокөлік жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желілерде жол-көлік оқиғасының сәті түсірілген кадрлар мен оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар жарияланды.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, апат Алматы – Бішкек автожолының 19-шақырымында болған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, 23 сәуір күні шамамен сағат 23:55-те Toyota Camry маркалы автокөліктің 27 жастағы жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөлік жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады полиция.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тергеу жалғасуда.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары