Алматыда ер адам аялдамада тұрған зейнеткер әйелді ұрып-соққан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиғаның видеосы желіде тарады.
66 жастағы әйелдің туыстарының айтуынша, ол ауруханаға жеткізілді.
Алматы полициясы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.