Қызылорда облысының Шиелі аудандық прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізіп, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің кәсіпкерлік субъектісіне тиесілі ақша қаражатын уақтылы төлемегенін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Яғни, Бөлім мен «Аксар Строй» ЖШС арасында 28.07.2025 ж. «Шиелі ауданы Жансейіт елді мекеніне ішкі газ тарату желілерін салу» бойынша 180 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған.
Жұмыстар өткен жылдың желтоқсан айында толық аяқталып, объекті салтанатты түрдеашылып, тұрғындарға пайдалануға берілген.
Дегенмен, кәсіпкерге атқарған жұмыстары үшін 105 млн теңге қаржы аударылып, қалған 75 млн теңгенің аударылуы кешіктірілген.
Аталған факті бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, кәсіпкерге тиесілі қаржы төленіп, құқықтары қорғалды.