Шымкент қаласында 67 жастағы тұрғын абайсызда кәріз жүйесіне құлап кеткен. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады turkystan.kz.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға Алтын бесік көшесінде, тұрғын үй маңында болған. 1959 жылы туған әйел абайсызда кәріз жүйесіне түсіп кеткен.
Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар жетіп, арнайы құралдардың көмегімен зардап шеккен жанды қауіпсіз түрде сыртқа шығарды.
Құтқару жұмыстарынан кейін әйел жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.