Атырауда шенеуніктер тозығы жеткен спорт кешенін 389 млн теңгеге сатып алмақ болған

/
Атырауда шенеуніктер тозығы жеткен спорт кешенін 389 млн теңгеге сатып алмақ болған
istockphoto.com

Атырау облысының Жылыой ауданының прокуратурасы аудан әкімдігінің бюджет қаражатын негізсіз жоспарлау және жұмсау дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аудандық бюджет комиссиясының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы шешімімен спорт кешенін сатып алуға 389 млн теңге бөлу мақұлданған.

Алайда, қадағалау органы әкімдік сатып алуды жоспарлаған нысанның тозығы жеткен күйде екеніне назар аударды.

Тиісінше, нысанды сатып алғаннан кейін оны жөндеуге бюджеттен қосымша қаржы талап етіледі, бұл екі есе шығынға әкеп соғады.

Осылайша, аталған жобаны іске асыру бюджет қаражатын ұтымды жоспарлау және тиімді пайдалану принциптеріне қайшы келеді.

Осыған байланысты, прокурорлық қадағалау актісі бойынша шешімнің күші жойылып, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Қадағалау органы бюджет заңнамасы саласындағы заңдылықтың сақталуы ерекше бақылауда екенін атап өтті.

 

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар