Ислам ынтымақтастығы ойындарында ел намысын 8 боксшы қорғайды

Ислам ынтымақтастығы ойындарында ел намысын 8 боксшы қорғайды

Ислам ынтымақтастығы ойындарында ел намысын 8 боксшы қорғайды
ашық дереккөзі
224
9-19 мамыр аралығында Бакуде өтетін Ислам ынтымақтастығы ойындарында сынға түсетін боксшыларымыз белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл байрақты бәсекеде Қазақстан намысын жеті боксшы қорғайды. Олар: 52 келі - Азат Махметов 56 келі - Нұрбол Қалжанов 60 келі - Сұлтан Зәуірбек 64 келі - Қуан Қуатов 69 келі - Илья Очкин 75 келі - Тұрсынбай Құлахмет +91 келі - Нұрлан Сапарбай. Естеріңізге сала кетейік, Ислам ынтымақтастығы ойындарын өткізіп тұру шешімі Сауд Арабиясында 2013 жылы өткен Ислам ынтымақтастығы спорт федерациясы VIII Бас ассамблеясында қабылданған. Ислам ұйымшылдық ойындары - Ислам Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің қатысуымен төрт жылда бір рет өтетін спорттық дода. Ойындардың бағыты мен бақылауына Ислам ұйымшылдық ойындары федерациясы жауапты. Мүше елдерде мұсылман емес азаматтардың да жарыстарға қатысуына рұқсат берілген. Бірінші рет 2005 жылы Сауд Арабиясында ұйымдастырылды. Соңғы ойын 2013 жылы Индонезияда өтті.    

Серіктес жаңалықтары