Меркі ауданының прокуратурасы аудандық әкімдіктің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміндегі бюджет қаражатының жұмсалуын тексерген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Талдау нәтижесінде мемлекетке 108 млн теңге көлемінде залал келтірілгені анықталды.
Атап айтқанда, бөлім Мыңқазан ауылындағы тұрғын үй массиві үшін электр желілерін салу құрылысы бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға мердігер ұйымға қаражат аударған.
Аталған факті бойынша 2026 жылғы 30 наурызда аудан прокуратурасы ҚР ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Іс одан әрі тергеу жүргізу үшін ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментіне жолданды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мән-жайлар жария етуге жатпайды.