Алматы маңында жер сілкінді

/
Алматы маңында жер сілкінді
Google Maps

Сейсмологтар Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, магнитудасы 3,3 болатын жерасты дүмпулері 22 сәуір күні Астана уақытымен 04:26-да тіркелген. Картаға сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 57 шақырым жерде орналасқан.

Анықталғандай, Қырғызстандағы елді мекендерде жер сілкінісі сезілмеген. Қазақстан аумағында сезілуі туралы мәлімет жоқ.

Еске сала кетейік, 16 сәуір күні қазақстандық сейсмологтар Қырғызстан аумағында магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісін тіркеген еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары