Танымал блогер Нұргелді Кердеш әлеуметтік желідегі парақшасында маңызды кездесу туралы жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның айтуынша, ол әкесімен бірге Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхпен жүздескен.
"Бүгін әкем екеуіміз Монғолия елінің президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен кездестік. Осындай жоғары лауазымды адамдар өнерімізді бағалайтынына өте қуаныштымыз. Монғолиядағы оқырмандарыма ыстық сәлеміміз болсын. Жақында сіздермен жолығамыз", – деп жазды блогер.