Үкімет отырысында инклюзивті саясатты жүзеге асыру мәселесін қарау кезінде Премьер-министр Олжас Бектенов мүгедектігі бар адамдарды қолдау саласындағы заңнамалық базаны күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Еңбек министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылдың 1-ші қарашасына дейін инклюзияны қолдаудың жаңа тәсілдері мен кешенді моделіне сәйкес мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді әзірлесін», — деп атап өтті Олжас Бектенов.