Ақсу қаласында дүйсенбі күні, 20 сәуірде, Ақсу ферроқорытпа зауытында металл ұсақтау жұмыстарын орындау кезінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Металл ұсақтаушы ауыр жарақат алды.
«Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды, тергеу басталды. Компания отбасыға қажетті көмек көрсетеді», – делінген хабарламада.