Қазақстандық қос саяхатшы Ұлыбританияны велосипедпен араламақ

Қазақстандық қос саяхатшы Ұлыбританияны велосипедпен араламақ

Қазақстандық қос саяхатшы Ұлыбританияны велосипедпен араламақ
ашық дереккөзі
477
Ұлыбританияны велосипедпен шарлап шыққысы келген қос қазақстандықтың өмір сүріп жатқан қазақстандықтар туралы деректі фильм және сапары жайлы бейнекүнделік түсіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды 24.kz. Дүние емес, қызықты естеліктер жина. Бұл Ұлыбританияны велосипедпен шарлап шыққысы келген қос қазақстандықтың ұраны. Қуат пен Зобар Корольдікті аралап қана қоймай, осында өмір сүріп жатқан қазақстандықтар туралы деректі фильм және сапары жайлы бейнекүнделік түсіруді жоспарлап отыр. 1 ай, 2 жиһангез және 2000 километр. Қуат Болатов саяхат десе ішкен асын жерге қояды. Өткен жылы ол Еуропаның 7 елін аралап шықты. Қуат бұл жолы досымен бірге Корольдіктің ауыл-аймақтарын шарлауды ойлап отыр. Жолдарында қазақстандықтар да кездесуі мүмкін. Жоспарларының бірі – Ұлыбритания халқына Қазақстанды әйгілендіру. Қуат Болатов, саяхатшы:   – Бір мақсатым Ұлыбританияда тұратындарға Қазақстанның қандай мемлекет екенін, қандай жетістіктер бар екенін, қандай ұлт тұрады, қандай табиғаты бар екенін көрсету. Бұған дейінгі сапарынан соң Қуаттан саяхатта кездестірген адамдары туралы сұраушылар көп болды. Сондықтан ол бұл жолы Зобар есімді бейнеоператорды ертіп жүруді ұйғарыпты. Зобар болса қыдырған жерлеріңнен дүние емес, естеліктер алып келгенге ештеңе жетпейді деген пікірмен келіседі. Зобар Ядигаров, саяхатшы:  –  Мен барған жерлерімнің барлығында фото және бейнетүсірілімдер жасаймын. Солармен бөлісемін. Сапардан естелік деп осыны айту керек. Британиялық жазушы Ник Филдинг саяхатшыларға батасын және қолтаңбасы қойылған кітабын тарту етті.Айта кету керек, Филдинг Қазақстанды ХІХ ғасырда еуропалықтардан алғашқы болып зерттеген Томас және Люси Аткинсондар туралы қалам тербегенімен танымал. Оксфордтық жазушы жігіттерді туған қаласына шақырды. Қазақстанға өзі барғанында тәнті еткен қазақы қонақжайлық көрсететіндігін айтты. Бұл күні велосипедшілермен «Болашақ» бағдарламасымен оқып жатқан студенттер де кездесті.

Серіктес жаңалықтары