Алматыда мамыр айының басынан бастап субұрқақтар кезең-кезеңімен іске қосылып, 1 қазанға дейін күн сайын сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ауа райына байланысты олардың жұмысы реттеледі: температура +5°C-тан төмендеген жағдайда субұрқақтар уақытша тоқтатылады.
Қалалық Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы өкілдерінің мәліметінше, биыл 55 коммуналдық субұрқақ кешенін іске қосу жоспарланып отыр, оның ішінде 11 «құрғақ» субұрқақ бар. Барлық нысанның техникалық және санитарлық жағдайы тиісті қызметтердің тұрақты бақылауында болады.