Орташа жылдамдықты қадағалау жүйесі тағы 18 жол учаскесінде пайда болмақ

/
Орташа жылдамдықты қадағалау жүйесі тағы 18 жол учаскесінде пайда болмақ
istockphoto.com

Көлік министрлігі ІІМ-мен бірлесіп жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, ауыр салдарын төмендетуге және қауіпсіз жол қозғалысын қалыптастыруға бағытталған жүйелі шаралар кешенін жүзеге асыруда. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі Ведомствоаралық комиссияда жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жаңғыртудың негізгі құралдары туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстанда 5 жыл ішінде 11 мың шақырым жол жаңғыртылды, бұл еліміздегі жол желілерінің жалпы ұзындығының 45%-ын құрайды. Учаскелерді I және II техникалық санаттарға ауыстыру қарама-қарсы бағыттарды бөлу және жүру бөлігін кеңейту есебінен қауіпсіздік деңгейін арттырға мүмкіндік берді. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және транзиттік көліктер елді мекендерге соқпауы үшін 65 айналма жол және 38 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды. Кешенді жоспар аясында жыл сайын 8 мыңнан астам жол белгілері мен таңбалары жаңартылып отырады.

«Жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі – жылдамдықтың артуы болып қалып отырғандығы ескеріліп, жылдамдық режимін бақылау құралдарына ерекше назар аударылуда. Бүгінгі таңда орташа жылдамдықты қадағалау жүйесі жалпы ұзындығы 2 мың шақырым болатын ең қарқынды 8 ақылы учаскеде енгізілді, бұл шара ЖКО санын 15%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Осы оң әсерді ескере отырып, биылғы мамыр айының соңына дейін ұзындығы 2,9 мың шақырым болатын тағы 18 учаскеде жүйені кеңейту жоспарлануда», — деп атап өтті министр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары