«KешYOU» тобының экс-солисі, әнші Мөлдір Әуелбекова мамыр айында өтетін топтың мерекелік концертіне қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Кешьюдің концертіне қатыспау туралы шешім қабылдадым. Менсіз-ақ, алтын құраммен керемет кеш өтетініне сенімдімін. Осылайша, өнер жолымдағы үлкен бір кезеңнің бетін өзім үшін жабамын.
Дегенмен, осы 22 жыл ішінде мен Мөлдір Әуелбекова деген атты қалыптастырып, түрлі кезеңдерден өттім: сахнада да, әртүрлі лауазымдарда да қызмет атқарып, бизнеспен айналысып, кей сәттерде өнерден алыстап, кейін қайта оралуға да үлгердім», – деді ол.
Сондай-ақ ол өз сөзінде тыңдармандарына алғыс білдірді.
«Менің өнер жолымның қалыптасуына үлес қосқан барша ұжымдарға, әріптестерге, жанымнан табылған адамдарға және ең әуелі өзімнің адал көрерменіме, халқыма алғысым шексіз.
Биыл өнерде жүргеніме 22 жыл, бұл аз да көп те емес, сол үшін бір есеп беру концертін беру менің міндетім. Сол үшін де концертімде жолыққанша менің тыңдарманым
Қисынсыз шоу емес, талғам мен сапаға құрылған өнер кешінде кездесейік», – деді М. Әуелбекова.