Әнші Балжан Бидаш «КешYOU» тобы туралы деректі фильмде өзіне қатысты эпизодтардың бұрмаланғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның айтуынша, айтқан жақсы пікірлерінің көп бөлігі монтаж кезінде қиылып қалған.
«Достар, өкінішке орай мені сондай позицияда көрсетіпті. Сіздер шындықты, экранның ар жағын көрмей тұрсыздар ғой, мен қаншама қыздар жайлы жақсы сөз айттым, қиып алып тастады», - деді ол.
Айта кетейік, көпшілік желіде Балжанның топтағы өзге қыздар туралы тек жағымсыз пікір білдіргені жөнінде сын айтқан.