«Қыз Жібек» фильміндегі камзолдың жеке қолға қалай өткені анықталып жатыр – министрлік

/
«Қыз Жібек» фильміндегі камзолдың жеке қолға қалай өткені анықталып жатыр – министрлік
NUR.KZ

Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қыз Жібектің» камзолы төңірегіндегі талқылауға ресми жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ведомствоның мәлімдеуінше,  «Қазақфильм» киностудиясының музей қорында «Қыз Жібек» фильмінде пайдаланылған бір камзолдың түпнұсқасы сақтаулы. Ал продюсер жариялаған жазбадағы екінші камзолдың жеке қолға қалай өткендігі анықталып жатыр. 

«Әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан продюсер Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киіміне қатысты жариялаған жазбасына байланысты төмендегіні хабарлайды.

Біріншіден, «Қазақфильм» киностудиясының музей қорында «Қыз Жібек» фильмінде пайдаланылған бір камзолдың түпнұсқасы сақтаулы. Бұл жәдігер ұлттық кино өнерінің маңызды мәдени мұрасы ретінде қорғалған. Ал продюсер жариялаған жазбадағы екінші камзолдың жеке қолға қалай өткендігі анықталуда. 

Екіншіден, «Қазақфильм» киностудиясы ұлттық фильмдерде пайдаланылған құнды реквизиттерді, костюмдер мен басқа да тарихи маңызы бар заттарды жүйелі түрде жинақтап, қалпына келтіру және сақтау жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыс ұлттық мәдени мұраны келешек ұрпаққа жетізуге бағытталған», - деді министрліктің баспаөз қызметі.

Сондай-ақ министрлік «Қазақфильм» жанынан жаңа музей ашу жоспарланып жатқанын хабарлады.

«Үшіншіден, қазір «Қазақфильм» жанынан заманауи талаптарға сай келетін ауқымды музей ашу жоспарлануда. Аталған музейде отандық кино тарихына қатысты бірегей экспонаттар қойылып, келушілерге кеңінен таныстырылатын болады.

Министрлік мәдени құндылықтарды сақтау және қорғау мәселесіне ерекше мән беретінін, сондай-ақ қоғамда туындаған сұрақтарға ашық әрі нақты ақпарат беруге әрдайым дайын екенін атап өтеді», - деп толықтырылды хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар