Баян Алагөзоваға «Қыз Жібек» фильміндегі кейіпкердің камзолы сыйға берілді

/
Баян Алагөзоваға «Қыз Жібек» фильміндегі кейіпкердің камзолы сыйға берілді

Продюсер әрі актриса Баян Алагөзова отандық кинематография тарихындағы бірегей жәдігер – «Қыз Жібек» фильміндегі басты кейіпкердің аңызға айналған қызғылт камзолын сыйлыққа алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарты ғасырдан астам тарихы бар камзол фильмде басты рөлді сомдаған Меруерт Өтекешеваға тиесілі болды.

Раритетті киіп көрген Баян Мақсатқызы «Қыз Жібек» оның ең сүйікті фильмі екенін айтып, экранда Меруерт Өтекешева киген костюмді иеленуді үлкен бақыт деп бағалады.

«Бұл жай ғана зат емес, мен оны өмірімнің соңына дейін сақтаймын. Өйткені бұл – 50 жылдық тарихы бар, Меруерт Өтекешеваның “Қыз Жібек” фильмінде киген камзолы. Бұл – Гүлфайрус Ысмайылованың қолымен жасалған дүние. Қараңыздаршы! Осындай қазына маған бұйырғанына қатты қуаныштымын. Оның үстіне, мен Меруерт Өтекешевамен бір өлшемде екенмін», – деді Баян Алагөзова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар