Жануарларға жанашырлық танытамыз деп адамға қауіп төндірмеуіміз керек – депутат

/
Жануарларға жанашырлық танытамыз деп адамға қауіп төндірмеуіміз керек – депутат
parlam.kz

Жақында Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесін көтерді. Онда қоғамға қауіп төндірмес үшін қаңғыбас иттерді эвтаназиялау мәселесі айтылған болатын. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Аманжол Әлтай осы мәселеге байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Адам қауіпсіздігі – ең маңызды мәселе. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау» туралы заңға еңгізілген өзгеріс осы мақсатты көздейді. Қарапайым статистикаға сүйенсек, Қазақстанда әр сағат сайын шамамен 5 адам ит шабуылына ұшырайды. Бір жылда 41 мыңнан астам адам зардап шеккен, олардың жартысынан көбі бұралқы иттерден жапа шеккен. Мәселе шешілмей, керісінше ушығып отыр. Қолданыстағы «аулау – стерилизация – қайтару» моделі нәтиже бермеді. Иттердің саны да, шабуылдар да азайған жоқ. Бюджеттен питомниктерге бөлінген қыруар қаржы мақсатты жұмсалды ма? Құқық қорғау органдары кешенді тексеріс жүргізуі тиіс. Ұсынылып отырған өзгерістердің мәні: бұралқы иттерді қайтадан ортаға жібермеу, міндетті чиптеу енгізу, ит иелерінің жауапкершілігін күшейту, жедел әрекет ету тетіктерін нақтылау. Бұл – жануарларға қарсы заң емес. Бұл – тәртіп, жауапкершілік және қауіпсіздік туралы заң. Негізгі қағида қарапайым: жануарларға жанашырлық адамға қауіп төндірмеуі тиіс. Адам өзін көшеде, аулада, баласының жанында қауіпсіз сезінуі керек», – дейді ол.

 

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар