Алматыда жаңа шағын өнеркәсіптік парктер іске қосылады

/
Алматыда жаңа шағын өнеркәсіптік парктер іске қосылады
Алматы әкімдігі

2026 жылы Алматының Индустриялық аймағында жалпы аумағы 22,2 мың шаршы метр болатын бес шағын өнеркәсіптік парк пайдалануға беріледі. Жобалардың жалпы инвестиция көлемі 2,33 млрд теңге, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл нысандарды іске асыру 20-дан астам шағын және орта бизнес субъектісі орналастырылып, 400-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Шағын өнеркәсіптік парктер жобалары қаланың өндірістік инфрақұрылымын дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға және Алматының инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары