Қарағанды облысында 2 мотоцикл жүргізушісі қаза тапты

/
Қарағанды облысында 2 мотоцикл жүргізушісі қаза тапты
Қарағанды облысы ПД

Қарағанды облысында екі мотоцикл жол апатына түсіп, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жол апаты 16 сәуірде сағат 21:00 шамасында Шет ауданы Ағадыр кентінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі мотоцикл бір бағытта қозғалған. Жол апатынан мотоциклдердің 37 және 17 жастағы жүргізушілері оқиға орнында көз жұмды, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары