"Екі көшбасшы келісті": Трамп атысты тоқтатуға қатысты маңызды мәлімдеме жасады

/
"Екі көшбасшы келісті": Трамп атысты тоқтатуға қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Pool/Getty Images. Суретте: Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Ливан басшылары 10 күндік атысты тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақ үй басшысы Truth Social әлеуметтік желісінде Мишель Аун мен Биньямин Нетаньяхумен сөйлескенін жазды.

"Бұл екі көшбасшы елдері арасындағы бейбітшілікке қол жеткізу үшін шығыс уақыты бойынша сағат 17:00-ден бастап ресми түрде 10 күндік атысты тоқтатуды бастауға келісті", – деді Трамп.

Сонымен қатар, АҚШ президенті мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен Джей Ди Вэнске Израиль мен Ливан арасындағы бейбіт келіссөздерге байланысты тиісті тапсырмалар бергенін айтты.

Трамптың сөзінше, егер бұл келісім сәтті жүзеге асса, бұл оның реттеуге қол жеткізген оныншы соғысы болмақ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар