Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға жұмыс сапарымен барады

/
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға жұмыс сапарымен барады
istockphoto.com

Ертең Мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«17 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға жұмыс сапарымен барады. Қазақстан Президенті Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысып, панелдік сессияда сөз сөйлейді. Сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған», - делінген хабарламада.

Анталия форумы – жыл сайын саяси көшбасшылар, дипломаттар, сарапшылар, бизнес, медиа және азаматтық қоғам өкілдері бас қосатын жоғары деңгейдегі халықаралық пікірталас алаңы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары