Жақында Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға өзгерістер енгізу және қаңғыбас иттерді эвтаназиялау мәселесін көтерген болатын. Осыған байланысты «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, депутат Мақсат Толықбай бұралқы иттер мәселесінде адам қауіпсіздігі бірінші орында болу керее деген пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сондай-ақ ол жануарларға бөлінетін бюджет қаржысын тексеру мәселесін атап өтті.
«Жануарларға бөлінген бюджет қаржысын тексеруді талап етеміз.
Иттерге аса қамқор белсенділер, бұралқы иттерді бағып-қағамыз десеңіздер, ешкім қарсы емес. Қаласаңыздар, өз қаржыңызға панажай салып, өмір бойы асырауыңызға болады. Қажет болса, біз иттерді үйлеріңізге дейін жеткізіп беруге дайынбыз.
Жануарларға жанашыр болу – адамгершілік. Ал адам өмірін қорғау – мемлекеттің тікелей міндеті. Көшеде, аулада жүрген балақайлардың өмірі мен қауіпсіздігі – бәрінен жоғары», - деді депутат.