9-сынып оқушысы жасанды интеллектпен бірнеше мультфильм жасады

/
9-сынып оқушысы жасанды интеллектпен бірнеше мультфильм жасады
Маңғыстау облысы ҚКО

Маңғыстау ауданына қарасты Онды ауылындағы Әбіш Кекілбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Ермек Жәнібекұлы цифрлық технология мүмкіндіктерін пайдалана отырып, түрлі тақырыпта анимациялық мультфильмдер жасап келеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жас өнертапқыштың туындыларының бірі - «Теңізді құтқарған бала» атты мультфильм. Аталған шығармада табиғатты қорғау, теңіз экожүйесін сақтау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәселелері қозғалады. Мультфильм арқылы жас автор экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа жанашырлық таныту идеясын насихаттайды.

Бұған дейін оқушы «Жан мен ту», «Ақ көгершін», «Теңізді құтқарған бала» атты анимациялық жобаларды жүзеге асырған. Оның туындылары патриоттық тәрбие, бейбітшілік пен адамгершілік, сондай-ақ экологиялық жауапкершілік тақырыптарын қамтиды.

Анимациялық жобаларды әзірлеу барысында оқушы жасанды интеллект пен заманауи цифрлық құралдарды пайдаланып, сценарий құру, кейіпкерлерді бейнелеу және визуалды көріністерді үйлестіру жұмыстарын меңгерген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары