Ақмола облысы мен Қарағанды облысында көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 2026 жылғы 16 сәуір сағат 10:00-де келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылады:
Ақмола облысы
- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 30-92 шақырым аралығы (Жібек Жолы төлем қабылдау пункті — Қарағанды облысының шекарасы).
Қарағанды облысы
- «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 92-164 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Теміртау төлем қабылдау пункті).
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.