Әнші Алтынай Жорабаева өзін мақтаншақ деп сынаған жандарға жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі 15 сәуір – Ғашықтар күнінде жолдасынан алған сыйлығын желіге жариялаған болатын. Ол жеке қуанышын бөлісуді мақтану емес, оқырмандармен байланыс орнатудың бір жолы екенін айтты.
«Желіге жаңа видео салсам, мені «мақтаншақ» деген жандар сіздер де мақтаныңыздар. Жақсы күндеріміз көп болсын. Енді бұл – желінің заманы ғой. Қуанышымызбен бөлісеміз. Бұл – мақтану емес. Оқырмандарым бар болғандықтан, «мен бармын, менде осындай жағдайлар болып жатыр» деп бөліскенде ештене жоқ», – деді әнші.