718
Алматы дәстүрлі марафон өтті
Алматы дәстүрлі марафон өтті
Алматыда қаласында VI Қайырымдылық марафоны өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат.
6 жыл ішінде марафон қалалық шаралар күнтізбесінің маңызды бөлігіне айналды. Оны өткізу уақыты Алматыда жылы ауа райымен дәл келіп жатады. Жүгіретіндердің басым бөлігі кәсіби спортшылар емес, көпшілігі марафонға өзінің денсаулығы мен денесін шынықтыру үшін қатысатындар.
Биыл марафонға әлемнің 38 елінен 13 мыңнан астам адам жазылды. Шараның ашылуына Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен велоспорттан Олимпиада чемпионы Александр Винокуров сөз сөйледі. Қатысушылар арасында эстрада, спорт жұлдыздары да бар.
Сөз сөйлегендер Алматыдағы марафонның бұқаралық спортты дамытуда маңызы зор екенін атап өтіп, қатысушыларға бірінші кезекте денсаулықтарына баса назар аударуды тіледі. Қала басшысы салтанатты түрде жарысты бастады.
Марафон басталар алдында түрлі компаниялар, фирмалар, университеттер, қоғамдық бірлестіктер өздерінің акцияларын өткізіп, командаларын таныстырды. Алматылық ЖОО студенттері Экиден-командалық марафонына тіркелді. Ұйымдастырушылар оған 80 команда жазылғанын атап өтті. Қатысушылардың жасына шектеу жоқ, басты өлшем - белгіленген қашықтықты еңсеру үшін денсаулығы жарайтын болса болғаны.
Қатысушыларға өздеріне ыңғайлы қашықтықты таңдау ұсынылған (3 шақырым (балалар), 10 шақырым, 21 шақырым, 42 шақырым, «Экиден командалық марафоны және скандинавиялық жүріс).Қатысушылар құрамының көбі 10 шақырым қашықтықты таңдады.
Қатысушылардан жиналған жарна балалар үйіне, емдеу мекемелеріне, спорт алаңдарын салуға, соларға қажетті заттар сатып алуға жұмсалатынын айта кеткен жөн.