Әнші Баянсұлу композитор Қуат Әбіловпен арадағы дауды шешкеннен кейін әндерінің авторлық құқығына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол әндерін толық сатып алғанын және енді туындылар тек қана өзіне тиесілі екенін айтты.
«Барлығыңызға, сәлем! Көп адам «әндер не болды?» деп сұрап жатыр. Құттықтап қойсаңыздар болады. Өнердегі үлкен ағалардың ақылымен, көмегімен, екі жақ келісіп, бұл мәселе шешілді. Әндердің төлем ақысын төлеп, сатып алдым және әндер енді менікі.
Екі жақ тараптан да, яғни Қуат Әбловтің маған және менің ол кісігe шағымым жоқ. Қалған адамдар туралы айта алмаймын.
Біреулер бұл жағдайды хайп деп жатса, біреулер қуанып жатыр. Кім не ойласа да, Құдай бәрін көріп тұр және ол әділ. Әркімнің өз ойы бар.
Қолдап жатқан әрбір жанға алғысым шексіз. Шындығын айтсам, осы жағдай болған кезде мен сіздердің махаббатыңызды өте ерекше сезіндім. «Шыныменде әділ, жақсы көретін көрермендерім бар» екен ғой деген ойға келдім. Мен сіздерді қатты жақсы көремін. Енді менен жаңа әндер, жаңа бастама күтіңіздер! Сіздерден тек қолдау және махаббат болса болды», - деді Баянсұлу.