Әскерилендірілген теміржол күзеті қызметкерлері нысандардағы құқықбұзушылықтың жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
ҚТЖ мәліметінше, Қазалы станциясында Түркістан филиалының мобильді жедел әрекет ету тобы желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, шанағында жылжымалы құрам элементтері табылған "ГАЗель" маркалы автокөлікті тоқтатты.
Балықтыкөл станциясында Семей филиалының мобильді жедел әрекет ету тобының қызметкерлері Audi автокөлігін ұстады. Көлікте заңсыз әкетуге арналған дизель отыны бар канистрлер табылды.
Ұсталғандар құқық қорғау органдарына тапсырылды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ инфрақұрылымның қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды дәйекті түрде күшейтуде. Нысандардағы кез-келген заңсыз әрекеттер үнемі бақылауда болады.