Алматы облысының прокурорлары 500 млн теңге алимент өндірді

/
Алматы облысының прокурорлары 500 млн теңге алимент өндірді
istockphoto.com

Биылғы жылдың үш айында алимент бойынша 500 млн теңге сомаға берешек өтелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

13 қасақана төлемеушіге қатысты ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау).

Оның ішінде 3 адам нақты жазалау шараларымен сотталды, қалғандары бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізілуде.

Бір мезгілде прокуратураның бастамасы бойынша 107 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 95-і 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Сонымен қатар, балалардың пайдасына жалпы құны 32 млн теңге болатын 8 мүлік объектісі (жер учаскелері, тұрғын үйлер және автокөлік) берілді.

Мысалы, борышкерлердің бірі берешекті өтеу есебінен өндіріп алушыға құны 7,5 млн теңге болатын жер учаскесін берді.

Қабылданған шаралар ата-ана міндеттерін орындаудан әдейі жалтарған адамдар үшін жауапкершіліктің сөзсіз болуының тұрақты тәжірибесін қалыптастырады.

Алимент міндеттемелері әлеуметтік маңызы бар және балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғауға тікелей әсер етеді, деп хабарлайды прокуратура.

Алимент төлеуден жалтарудың әрбір фактісі заңда белгіленген тәртіппен жолын кесетін болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары