Алматы облысының жолдарында лазерлік жүйелер енгізілді

/
Алматы облысының жолдарында лазерлік жүйелер енгізілді
Алматы облысы ПД

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында Алматы облысының республикалық маңызы бар автожолдарында заманауи техникалық шешімдер енгізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы облысы полиция департментінің мәліметінше, қолданыстағы аркалық конструкцияларға лазерлік жүйелер орнатылып, пайдалануға берілді. Бүгінгі күні аталған технологиялар «Алматы – Өскемен» автожолының 52-шақырымында, сондай-ақ «Алматы – Шелек – Қорғас» автожолының 38 және 204-шақырымдарында жұмыс істеуде.

Лазерлік қондырғылар қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қосымша құралы болып табылады, әсіресе түнгі уақытта және қолайсыз ауа райы жағдайларында. Жарық сәулелері жүргізушілердің назарын шоғырландыруға ықпал ететін орташа деңгейдегі визуалды әсер береді.

Полиция қызметкерлері мұндай инновацияларды енгізу жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталғанын атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары