Министрлік «Мен ұсынған 7 кітап» челлендж-эстафетасын жариялады

/
Министрлік «Мен ұсынған 7 кітап» челлендж-эстафетасын жариялады
Оқу-ағарту министрлігі

13-23 сәуір аралығында елімізде Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне арналған онкүндік өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шара аясында Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы баспалар арасында «Мен ұсынған 7 кітап» челлендж-эстафетасын жариялады.

Бұл бастаманың негізгі мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырман қызығушылығын арттыру, сондай-ақ ұлттық әдеби мұраны дәріптеу.

Челлендж-эстафетаға қатысушы баспалар өз қорларынан оқырман қауымға ұсынуға лайықты 7 кітапты іріктеп, оларды ақпараттық ресурстар мен әлеуметтік желілерде жариялайды.

Сонымен қатар, бұл бастамаға кез келген азамат қатыса алады. Қатысушылар әлеуметтік желілерде сүйікті кітаптары туралы ұсыныстарын жариялап, ол кітаптардың маңызы туралы өз ойларымен бөлісе алады. Челлендж-эстафетасына қатысушылар төмендегі хэштегтерді қолдана алады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары