Бектенов әкімдіктерге құрылыс саласына қатысты бірқатар тапсырма берді

/
Бектенов әкімдіктерге құрылыс саласына қатысты бірқатар тапсырма берді
Үкімет

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үйді іске қосудың жоспарланған қарқынын қамтамасыз ету үшін әкімдіктердің жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Құрылыс саласында да биыл тұрақты динамиканы қамтамасыз ету қажет.

Құрылыс маусымы басталды, алайда бірқатар жүйелі мәселе  әлі күнге дейін шешімін таппай отыр.

Атап айтқанда, жалға берілетін тұрғын үйді қаржыландыру арқылы  құрылыс жұмыстарын ынталандыру және жаңа құрылыс аудандарына инженерлік инфрақұрылымды уақтылы тарту мәселесінде сұрақтар бар.

Шын мәнінде бұған әкімдіктер тарапынан жете мән берілмей келеді  әрі жобаларды іске қосу бағытында да белсенді жұмыс байқалмайды.

Тұрғын үй құрылысына 516 млрд теңге қажет деп ақпарат түсті,  өңірлер  249 млрд теңгенің өтінімін ғана растаған.

Бұл  қажетті деңгейден  шамамен екі есе төмен», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Осыған байланысты Премьер-министр нақты қолдау тетіктерін әзірлеп шығаруды тапсырды.

«Егер әкімдіктер  тез арада тиісті шешім қабылдамаса,  тұрғын үй құрылысының қарқыны бойынша  артта қалу қаупі бар.

Осыған байланысты Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне  бір апта ішінде жергілікті бюджеттерге пайыздық мөлшерлемені өтеп,  облигациялар бойынша  негізгі борышты жабуға мүмкіндік беретін  нақты тетіктерді әзірлеуді,  сондай-ақ аталған құралдарға  өңірлердің қатысуы үшін  ашық жағдай жасауды тапсырамын.

Нақты параметрлері мен  қаржыландыру көздері айқындалған  дайын шешімдер қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары