Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінің студенті Ришат Мансуров Түркияның Кемер қаласында өткен муайтайдан XIII Antalya Open Cup халықаралық турнирінде тамаша өнер көрсетіп, І орынды жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ришат Мансуров кәсіптік колледждің 2 курс студенті, «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша білім алуда. Ол муайтай спортымен 8 жасынан бері тұрақты түрде айналысып келеді.
Бұл жарысқа әлемнің 25 елінен 500-ден астам спортшы қатысты. Аталған додада Қазақстан құрамасы да үздік нәтижелер көрсетіп, жалпы есепте 20 алтын, 11 күміс және 7 қола медаль иеленді.