Петропавлда 3 жасар бала терезеден құлап кетті

/
Петропавлда 3 жасар бала терезеден құлап кетті
istockphoto.com

Петропавлда 2023 жылы туған сәби екінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Қазір оның жағдайы тұрақты, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Petropavlovsk.news-ке сілтеме жасап.

Сәби көпбейінді облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, балаға бел омыртқа аймағындағы байламдардың созылуы диагнозы қойылған. Сонымен қатар оң жамбасы соғылып, оң табанында сыдырылған жарақат бар.

– Бала травматология және ортопедия бөліміне жатқызылды. Ол әрі қарай дәрігерлердің бақылауында болып, консервативті ем алады. Қазіргі уақытта өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, жағдайы тұрақты, – деп хабарлады ведомство.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары