Алматы қаласы Наурызбай ауданының прокуратурасы жеке сот орындаушысының өкілеттігін теріс пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Анықталғандай, сот орындаушысы борышкердің банк шотына бұрын салынған тыйымды заңсыз алып тастаған, бұл шотта берешекті өтеуге жеткілікті қаражат болған.
Осының салдарынан өндіріп алушыға 35,6 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірілді.
Наурызбай аудандық сотының үкімімен жеке сот орындаушысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 251-бабы (жеке сот орындаушысының өкілеттігін теріс пайдалану) бойынша кінәлі деп танылып, 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға, сондай-ақ сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығынан айыруға сотталды (үкім заңды күшіне енген жоқ).