Мемлекет басшысы Ирак президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

/
Мемлекет басшысы Ирак президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Ақорда

Мемлекет басшысы Ирак Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады.

Қазақстан Президенті Ирак мемлекеті мен халқының жарқын келешегін қамтамасыз етуге бағытталған Низар Амидидің бастамаларына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы ынтымақтастықтың одан әрі дами түсетініне сенім білдірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары