Тоқаев зияткер ұрпақ тәрбиелеуге мемлекет те, ата-ана да бірдей жауапты екенін айтты

/
Тоқаев зияткер ұрпақ тәрбиелеуге мемлекет те, ата-ана да бірдей жауапты екенін айтты
Ақорда

Халқымыздың ойы озық болса, өскелең ұрпақтың да ғылым-білімге деген ықыласы айрықша болары анық. Бұл туралы Мемлекет басшысы  ғалымдарды марапаттау рәсімінде айтты , деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ғылымды қолдау, ғалымдарға ел болып құрмет көрсету, бұл – ең алдымен қоғамда еңбекқорлық, білімпаздық, жасампаздық құндылықтарын орнықтыру деген сөз.

Халқымыздың ойы озық болса, өскелең ұрпақтың да ғылым-білімге деген ықыласы айрықша болары анық. Зерделі әрі зияткер ұрпақ тәрбиелеу – баршаға ортақ парыз. Оған мемлекет те, ата-аналар да бірдей жауапты.

Мен былтыр «Келешек» бірыңғай жинақтау жүйесін құру туралы тиісті Заңға қол қойдым. Бұл жүйе арқылы ата-аналар баласының болашақта сапалы білім алуына қаражат жинай алады.

Қазірдің өзінде 200 мыңға жуық азамат арнайы есепшот ашты. Мұны болашаққа салынған ең ұтымды инвестиция деуге болады», - деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары